Бокстан әлем чемпионаты: Теміртас Жүсіпов финалға жолдама алды

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

48 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Теміртас Жүсіпов Беларусь спортшысы Евгений Кармильчикпен кездесті. Тартысты жекпе-жек 5:0 есебімен Теміртас Жүсіповтың еншісіне шешілді. Осылайша Теміртас Жүсіпов биылғы әлем чемпионатының финалына шыққан алғашқы қазақстандық спортшы атанды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан сапынан тағы төрт спортшы, атап айтқанда, Сабырхан Махмұд, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов және Абылайхан Жүсіпов қолғап түйістіреді.