Шетелден келген 844 адам Қазақстан азаматтығын алатын болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Онлайн режимде өткен отырыста Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға тілек білдірген адамдардың өтініштері қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша комиссия мемлекет басшысының қарауына жақын және алыс шетелдерден келген әртүрлі ұлттардың 844 өкілін еліміздің азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізеді, — делінген хабарламада.

Комиссия Қазақстан азаматтығынан шығу туралы 42 адамның өтінішін қанағаттандыруды да ұсынатын болады.