Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақстанның ең лас қалалары аталды

Фото: The-village-kz.com

Атмосфералық ауа мониторингіне сәйкес 45 өнеркәсіптік қаланың 10-ы атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент, – деді министр Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, жоғары ластанудың себептері − жабдықтардың тозуы, зауыттардағы шаң тазарту қондырғылары жұмысының тиімсіздігі, жаңғырту мен қайта құру жұмыстарының жүргізілмеуі, көмір пайдалану.

Қалдықтармен жұмыс істеу саласында ҚТҚ полигондарының санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес келмеуі, ҚТҚ өңдеудің төмен деңгейі және апатты қоқыс тастайтын жерлер өткір проблема болып отыр, – деп толықтырды Серікқали Брекешев.