LRT ісі: Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбеков іздестіріліп жатыр

Қылмыстық істі біз де, Ішкі істер министрлігі де тергеп жатқан жоқ. Интерпол желісі бойынша іздеу жарияланды. Біз іздестіру шараларын халықаралық деңгейде жүргізіп жатырмыз, – деді Ерлан Тұрғымбаев журналистердің сұрағына.

Ол шетелге қашып кеткен адамдарды іздестіру оңай емес екенін айтты.

Адам шетелде жүргенде елдегідей тәртіп жоқ. Жедел қызметкер ол жерге барып, ешқандай жедел-іздестіру шараларын жүргізе алмайды. Бұл күдікті жасырынған елмен жасалған келісімге және олардың құқық қорғау органдарының қылмыскерді ұстап беру туралы келісіміне байланысты. Сондықтан бұл мәселенің бәрін Бас прокуратура шешеді, – деді ол.

Еске салайық, қазанның басында Нұр-Сұлтан соты LRT ісі бойынша үкімнің күшін жойып, істі прокурорға қайтарған еді.