Сіз оны 17 ер адам зорлағанына сенімдісіз бе? Қыз жоғалып кетті, ол тәулік бойы үйде болмаған. Жедел іс-шаралар барысында табылып, анасына қайтарылды. Сол күні шағымдар мен өтініштер болған жоқ. Бір күннен кейін шағым түсті. Содан кейін қыздың анасы арызданудан бас тартып, нотариалдық түрде сенімхан берді, − деп жауап берді Ерлан Тұрғымбаев Мәжілісте.
Министрдің айтуынша, кейін әлеуметтік желіде қызу талқыланған оқиғаға қатысты тағы бір өтініш тіркелген.
Бірнеше күннен кейін әлеуметтік желілерде 17 ер адам зорлады деген мәлімет пайда болды. Ол өтініш тіркелді. Біз тексеруге міндеттіміз. Жәбірленушіге бірқатар медициналық сараптама жүргізіледі. Осы тексерудің нәтижесі бойынша шешім қабылданады, − деді министр.
Еске салайық, Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны жас қызын 17 ер адамның зорлағанын айтып шағым түсірген еді.