Ақпарат министрі Facebook-ке қатысты пікір білдірді

Министрдің айтуынша, 1 қарашада жарияланған біріккен мәлімдеменің мәтіні мен оның БАҚ-да жарниялануы аталған аймақтық кеңсенің басшылығымен толықтай келісілген болатын.

Бұқаралық ақпарат құралдарында «Meta» (Facebook) компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша Өңірлік кеңсесінің коммуникациялар жөніндегі директоры Бен МакКонэхи мырзаның (Ben McConaghy) теріске шығарған мәлімдемесіне байланысты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі келесіні хабарлайды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі негізгі келіссөздерді Гонконг қаласында орналасқан Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша «Meta» (Facebook) компаниясының өңірлік офисімен жүргізді. 1 қарашада жарияланған біріккен мәлімдеменің мәтіні мен оның БАҚ-да жарниялануы аталған аймақтық кеңсенің басшылығымен толықтай келісілген болатын, – делінген министрдің жазбасында.