Арманыңызға сеніңіз!

Сізге лимон сыйға тартылса, қабақ шытпастан, одан лимонад жасауға болады. Jusan «лимондары» жеңімпаздарға ұнағандай, сіздің де көңіліңізден шығатыны анық!

Jusan супер-акциясының алғашқы жеңімпаздарын құттықтаймыз!
  • Василий, Ақмола облысы
  • Нелля, Нұр-Сұлтан қаласы
  • Нұрбек, Алматы облысы
  • Мұрат, Талдықорған қаласы
  • Владислав, Ақмола облысы
  • Назерке,  Нұр-Сұлтан қаласы
  • Назгүл, Жаркент қаласы
  • Асхат, Қарағанды қаласы
Қарапайым оқиғалар!

Бірінші жеңімпазымыз ұтқан кезде акция жайлы әлі естімеген болатын. Сәттілігіне сене қоймаған клиент Банк сайтын қарап, өзінің алғашқы миллионер атанғаны туралы акция шарттары мәліметтерін оқиды. «Күтпеген ұтыс болса да, дер кезде түскен қаражат болды, бірден ісіме салдым» — дейді ұтысын тиімді жұмсаған Василий.

Екінші аптаның жеңімпазы Нелля о баста ұтып аламын деп ойламаған еді. «Әр адам өмірінде бір рет болсын ірі ұтысқа қол жеткізуі керек деген рас шығар!«, — деп жеңімпаз қуанышын бөлісті. Өзінің «сәтті миллионын» Нелля үй құрылысына жұмсады.

Оңай шарттар!

2021 жылдың 30 қарашасына дейін Jusan төлем карталарынан телефон нөмірі арқылы жасалған ақша аударымдары 1 000 000 теңге және басты сыйлық – Toyota Land Cruiser 300 ұтысына қатысады! Акцияның жалпы ақшалай сыйлық қоры – 12 000 000 теңге!

Ұтысқа Jusan клиентіне 1 000 теңгеден басталатын сомаға жасалған әрбір ақша аударымы қатысады. Ақша аударымы бірегей болуы (бір адам – бір  ақша аударымы) және  Jusan  қосымшасы арқылы телефон нөмірі бойынша жіберілуге тиіс. Jusan клиенттеріне жасалған аударымдар автоматты түрде акцияға тіркеледі.

Бонустар – әр адамға!

Әрине, миллион бәріне бұйыра бермейтіні анық, алайда рефералды бағдарлама барлық қолданушыға кепілдендірілген бонустар береді. Егер сіз әлі Jusan-ның клиенті саналмайтын адамға ақша аударымын жіберсеңіз және ол оны қабылдап,  өзіне Jusan картасын (сонымен қатар виртуалды картаны) ашатын болса, сіз Банктен 1000 бонус аласыз, ал ақша аударымыңыз автоматты түрде акцияға қатысады.

Бонустарды JUSAN ДҮКЕНДЕ сауда жасағанда, коммуналдық қызметтер, ұялы байланыс ақысын төлеу немесе  Jusan қосымшасындағы басқа да төлемдер үшін пайдалануға болады. РЕФЕРАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ толық шарттары www.jusanbank.kz  сайтында.

Супер-ұтысқа қатысыңыз, оның нәтижелерін Банктің сайтында және әлеуметтік желілердегі Jusan-ның ресми парақшаларынан танысыңыз.  Jusan клиенттерінің қатарында болмасаңыз, қазір бізге қосылу үшін таптырмас уақыт, оған қоса картаны тегін жеткізіліммен Jusan қосымшасы арқылы онлайн ашуға болады!