30 қазанда Алматының Авиациялық көлік прокуратурасына әуежайдың бұрынғы қызметкерлері жиналып, олар заңсыз жұмыстан шығарылдық деп санайды.
Экс-қызметкерлердің айтуынша, оларды жұмыстан ескертусіз шығарған. Сонымен бірге олардың орнына біліксіз адамдар келген.
Авиация прокуратурасы бұрынғы қызметкерлердің арыздарын қабылдап, мәселені шешуге уәде берді. Аталған мәселе бойынша Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі де ресми мәлімдеме жасады.
Алматы халықаралық әуежайына қатысты бұрынғы қызметкерлердің соңғы шағымдары негізсіз. Қызметкерлер өз бастамасы бойынша жұмыстан босатылған. Олармен жасалған еңбек шарттары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабының 5-тармақшасына сәйкес бұзылды, − делінген ресми хабарламада.
