Төлқұжаты жоқ 1612 адамға ҚР азаматтығы берілді

Қазіргі уақытта министрлік мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, азаматтығы жоқ 6 мыңнан астам адамға көмек көрсетті. Жеке куәлікпен 5 мыңға жуық (4 969) адам құжатталды. Оның ішінде 3357 адам ҚР азаматы, 1612 еш азаматтығы жоқ адамға ҚР азаматтығы берілді, – деді Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрлігі ұйымдастыратын апталық брифингіде.

Ресми өкілдің айтуынша, тағы 1357 адамға қатысты азаматтықты растау рәсімі аяталуға жақын.

Ішкі істер министрлігі еліміздегі азаматтығы жоқ адамдардың мәселесін түпкілікті шешуге ұмтылысты ескеріп, мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдарды анықтау акциясын 2022 жылдың мамырына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, – деді Нұрділдә Ораз.