Алматыда 42 жастағы әйелдің ішінен 7,5 келі құрт шықты

№7 қалалық клиникалық ауруханасының хирург дәрігері Мұса Сахиповтың айтуынша, науқас Алматы облысынан келген.

Пациентте ауырсыну, өзін жәйсіз сезіну сияқты ешқандай белгі болмаған. Тек кейінгі жылдары 3-4 келі салмақ қосқан. Қазан айының басында аллергияға ұшырайды. Сөйтіп, ол кісі тұрғылықты жері бойынша терапевт дәрігеріне қаралады. Узи жасатады, сол уақытта бауырында эхинококк бар екені анықталады, — дейді дәрігер.

Әйелдің ішіндегі эхинококк кистасын алматылық дәрігерлер алып тастады.

Операцияны 26 қазан күні жасадық. Мұндай эхинококк өте сирек кездеседі. Әйелдің іш құрылысын түгел алып жатыр. Оның жарылып кету қаупі өте жоғары болды. Операция кезінде бауырдан 500 милилитр қан жоғалттық. Бір доза қан құйдық. Операция күрделі болғандықтан, тоғыз сағатқа созылды, — дейді № 2 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мұса Сахипов.

эхинококк кистасы

эхинококк кистасы

Дәрігердің айтуынша, науқас екі күн жансақтау бөлімінде жатты, қазір бөлімшеге ауысты. Қазіргі таңда өміріне ешқандай қауіп жоқ.