Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімет бойынша, қолы жеңіл жараланған бір ер адам үйіне жіберілген.
Біреуі Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді, оның да қолы зақымдалған. Қазір жағдайы тұрақты, ем алып жатыр. Тағы үшеуі түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты, травматология бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында жатыр.
Зардап шеккендердің бірінің миы шайқалған. Сол жақ көзі ауыр жараланған. Денесіне көп оқ тиген. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр, нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Тағы біреуі миы шайқалып келді. Миына жеңіл дәрежеде зиян келген. Көп оқ тиген. Сол қолтығы кесілген. Қазіргі уақытта жағдайы орташа ауыр, нейрохирургия бөлімінде жатыр, — делінген хабарламада.
Сонымен бірге үшінші ер адамның кеуде қуысына бірнеше оқ тигені, оған қоса басы мен бетіне оқ тигені хабарланды.
Сол көзі зақымдалған. Жағдайы орташа ауыр, орташа, шұғыл хирургия бөлімшесінде ем алып жатыр, — деді Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.
Еске салайық, Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы маңындағы Атырау-Ақтөбе тасжолында ауылдастар арасында атыс болып, 36 жастағы ер адам қаза тапты. Оқиғадан кейін ауылда күшейтілген режим енгізілді.