Атырау облысындағы атыс: 36 жастағы ер адам қаза тапты

Полиция ақпаратынша, оқиға сенбі, 30 қазан кешкі жеті жарым шамасында Сағыз ауылы маңында болған.

Бастапқыда алты адамның жараланғаны хабарланды. Олар Сағыз ауылының дәрігерлік амбулаториясына жеткізілген.

Кейін 36 жастағы ер адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу басталды, — деп мәлімдеді полициядағылар.

Полиция департаментінің болжамынша, атысқа ауыл тұрғындары арасындағы жанжал себеп болған.