«Алматыда қар жауып, көктайғақ болады». Тұрғындарға ескерту жасалды

30 қазан күні Алматы тауларында түнде жаңбыр және қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. 30-31 қазанда солтүстiк-шығыстан жел соғып, оның екпiнi ceкундына 15-20 метрге жетпек.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  • Таулы аймаққа баруды кейінге қалдырған дұрыс.
  • Егер сіз кішігірім топырақ көшкіндерді байқасаңыз, онда тауға бармағаныңыз жөн. Қарқынды жауын-шашын түскен жағдайда төмен таулы аймақта топырақ көшкін болуы мүмкін.
  • Егер сіз тауда болсаңыз, мұқият болыңыз және ауа райының өзгеруін қадағалаңыз.
  • Егер сіз тау бөктерінде қардың жылжуын, қардың түйіршіктерін байқасаңыз, онда тауларға бармағаныңыз жөн. Бұл қардың тұрақсыз күйде екенін, көшкіннің қауіпі мүмкін екенін білдіреді.
  • Үйге ертерек қайтуға тырысыңыз, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін. —
  • Рюкзактарда мыналар болуға тиіс: жылы киімдер,күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.
  • Ешбір жағдайда тауға жалғыз бармаңыз.
  • Туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызды маршрутыңыздың бағыты және орналасқан жеріңізді барынша толық хабардар ету өте маңызды.