Жамбыл облысында мұнай резервуарлары өртенді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Жамбыл ауданының Аса ауылында «Амангелді ГӨЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (газ өңдеу зауыты) Тараз филиалының аумағында жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны бар екі резервуар өртенді.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департамені кезекші қызметіне хабарлама сағат 12:0 түсті. Өрт орнына Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департамені бастығы мен жедел тобы, өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметінің жедел тобы шықты.

Барлығы -75 қызметкер мен 21 техника, сонымен бірге сол жерде құрамында 7 адам және 2 техникасы бар объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі жұмыс істеді. Өрт 13.05-те ауыздықталып, сағат 13.17 минутта сөндірілді, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиғадана ешкім зардап шекпеген. Өрттің шығуына мұнай өнімдерін (дизель отыны) айдау кезінде технологиялық процестің бұзылуы себеп болды деген болжам жасалды.