Сәтбаевта педофилдерге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Сәтбаевта бес жасар қызды зорлау ісі бойынша сотталған ерлі-зайыптылардың жазасы жеңілдемейтін болды. Сотталғандар мен қорғаушылар сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым берген еді.

Сотталғандардың кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен расталған. Бұл жаза олар жасаған қылмыстардың ерекше ауырлығын ескере отырып әділ болып табылады. Заңның талаптарына сәйкес (ҚК 46-бабы 4-бөлігі) өмір бойына бас бостандығынан айыру әйелдерге тағайындалмайды, сондықтан П-ның жұбайы 22 жыл түрмеде отырады. Үкім заңды күшіне енді, − деп хабарлады Қарағанды облысы сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұл оқиға Сәтбаев тұрғындарының наразылығын тудырып, елді дүрліктірген еді. Оқиға 23 шілдеде болды. Сәтбаев полициясына Жезқазған тұрғыны өзінің 5 жасар қызы жоғалып кеткенін хабарлаған. Полиция бөлімінің бүкіл құрамы мен волонтерлер іздеу нәтижесінде 5 жасар баланы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен тапты. Аталған іс бойынша 58 жастағы ер адам ұсталған болатын. 6 қазан күні Қарағанды қаласының тергеу изоляторында жас қызды зорлағаны үшін тұтқындалған күдіктінің денесі табылды.