Алматыда мектеп оқушылары пышақтасты

Оқиға Алатау ауданына қарасты «Ақкент» шағынауданында болды. Алматы Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Бұл оқиға ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Анықталғандай, жасөспірімдер арасында жанжал шығып, салдарынан екеуі пышақ жарақатын алды. Күдікті анықталып, қамауға алынды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр, − деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі.