Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 2021 жылғы 27 қазанда болған. Ведомство мәліметіне сүйенсек, Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонында бес әскери қызметкер жараланған.
Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметкерлердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр, — делінген хабарламада.
Министрлік дерек бойынша тексеру басталғанын хабарлады.