Рrimeminister.kz сайтының жұмысы қайта істеді

Бұл туралы премьер-министр баспасөз қызметінің басшысы Зарина Нұрланова желідегі парақшасында жазды.

ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтының Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшалары KZ-CER «МТҚ» АҚ-мен бірлесіп жүргізілген жұмыс нәтижесінде қалпына келтірілгенін хабарлаймыз, – деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін премьер-министр ресми сайтының желідегі ресми парақшаларына фишингтік шабуыл жасалғанын жазған едік.