Рrimeminister.kz сайтына фишингтік шабуыл жасалды

Бұл туралы ведомство баспасөз қызметінің басшысы Зарина Нұрланова хабарлады.

Құрметті Facebook қолданушылары! ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының ресми парақшалары @primeminister.kaz, @primeminister.kz, @PrimeMinister.int фишингтік шабуылға байланысты уақытша қолжетімсіз екенін хабарлаймыз, − деп жазды Зарина Нұрланова Facebook-тегі парақшасында.

Қазіргі уақытта Facebook платформасымен аккаунттарды қалпына келтіру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Барлық ақпаратты PrimeMinister.kz сайтынан және Twitter, Vk, Instagram желілеріндегі ресми аккаунттарынан білуге болады.