Ангела Меркель ресми түрде Германия канцлері қызметін кетті

Құжатты Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер тапсырып, оған, Үкіметке алғыс айтты. Франк-Вальтер Штайнмайер Ангела Меркель канцлер болған уақытты «Германия тарихындағы ұлы күндер» деп атады.

Енді Меркель және Германия үкіметінің қалған мүшелері жаңа үкімет құрылғанға дейін атқарушы ретінде өз қызметтерін орындайды.

Германия Конституциясының 69-бабына сәйкес президент канцлерден немесе министрден келесі адам тағайындалғанға дейін қызметін жалғастыруды талап ете алады. Канцлер де, министр де бұдан бас тарта алмайды.

Ангела Меркель
Фото: Reuters

Жаңа канцлер Социал-демократиялық партияның жетекшісі Олаф Шольц болады деп болжанып отыр, оның партиясы 25,7% дауыс жинап, 26 қыркүйекте өткен бундестаг сайлауында жеңіске жеткен еді.