QazVac вакцинасы Мажарстанда қолданылуы мүмкін

Өздеріңізге мәлім, биыл маусымнан бастап Қазақстан мен Мажарстан вакциналау паспорттарын өзара тану жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді. Біз отандық QazVac вакцинасын Мажарстан аумағында қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсындық, — деді Мұхтар Тілеуберді.

Сонымен бірге ведомство басшысы қыркүйекте Нұр-Сұлтан мен Будапешт арасындағы тұрақты әуе қатынасының қалпына келтірілгенін атап өтті.

Рейстерді WizzAir мажар әуе компаниясы орындайды. Жақында Үкімет шешімімен рейстердің жиілігі аптасына екі рейске дейін арттырылды. Осыған орай, мажар тарапына екінші рейсті Будапешт – Алматы – Будапешт бағыты бойынша іске қосуды ұсындық, — деді министр.