Министрдің айтуынша, еңбек нарығын біртіндеп қалпына келтіру жалғасуда, оның көрсеткіштері оң динамиканы көрсетеді.
Мәселен, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, биыл екінші тоқсанда жұмыс күшінің саны 9,3 миллион адамды құрады, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 73 мың адамға артты.
Пандемия басталғаннан бері нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар саны 12,2%-тен 7,4%-ке дейін азайды. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% көлемінде сақталды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендеп, 3,7%-ті құрады», деп атап өтті Серік Шәпкенов Үкімет отырысында.