Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Үкімет басшысы климат өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясына қатысады

Иллюстрация: Берік Уәлидің Instagram-дағы парақшасынан алынды

Бұл жөнінде президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram-дағы парақшасында жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминге COP26 климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі Конвенциясына қол қойған елдер конференциясының 26-сессиясына қатысатын Қазақстан делегациясын басқарып баруды тапсырды, – деп жазды Берік Уәли.

Айта кетейік, жиын Шотландияның Глазго қаласында өтеді.

Мақалаға реакция