Қайрат Бұлдыбаев Талдықорған әкімінің жаңа орынбасары болды

Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаев 1963 жылы 21 қарашада Алматы облысы Гвардия ауданы Көксу ауылында дүниеге келді.

2004 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы ЖМУ университетін кәсіптік оқыту бойынша тәмамдаған.

Айта кетейік, ол еңбек жолын 1984 жылы Талдықорған жүк тасымалдау автобасқармасы Көксу көлік кәсіпорнының шебері қызметінен бастаған. Алматы облысында «Автотехобслуживание» ЖШС директоры, Текелі әкімі аппараты Рудник кенті әкімінің міндетін атқарушы, Талдықорған Өтенай селолық округінің әкімі, ШЖҚ «Көркейту» МҚК бастығының міндетін атқарушы, «Көркейту» ШЖҚ МҚК бастығы, Талдықорған әкімінің орынбасары, қалалық мәслихаттың хатшысы, Қаратал ауданың әкімі лауазымдарын атқарған.

Соңғы жұмыс орны – «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының орынбасары.