Өзбекстанда президент сайлауы басталды

Елдегі бес ресми саяси партия кандидаттарын тіркеді. Сарапшылардың пікірінше, сайлауда жеңіске жететін басты кандидат — 64 жастағы Шавкат Мирзиеев.

Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 19,86 миллион сайлаушы бар, 14 сайлау комиссиясы құрылып, 10 760 сайлау учаскесі дайындалған. Сайлау күні түрлі себеп бойынша таңдауын жасай алмайтын 420 мың адам 14-20 қазан аралығында алдын ала сайлауға қатысқан. Кандидат жеңіске жетуі үшін кемінде 50% дауыс жинауы керек.

Сайлауды 64,5 мың адам бақылайды, оның ішінде 50 елден келген 970 халықаралық бақылаушы бар.