Басты бетЖаңалықтарЫстамбұлда Түркі...

Ыстамбұлда Түркі кеңесінің медиафорумы басталды

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған өзінің бейнежолдауында медиа форумның барлық қатысушыларына сәттілік тіледі.
Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев медиа форумның жұмысын ашып, өзінің сөзінде форум тақырыбы ортақ тамыры бар және түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық үшін үлкен перспективалары бар түркі әлемінің барлық елдері үшін өзекті екенін атап өтті.
Қазақстандық делегацияны Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев бастап отыр.
Жалпы, Медиа форум жұмысына Түркі кеңесіне мүше Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, бақылаушы ел-Мажарстан, сонымен бірге Түркіменстан елдерінен 350-ден астам адам қатысса олардың қатарында жетекші БАҚ өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, киноиндустрия, мемлекеттік органдардың өкілдері, белгілі блогерлер мен коммуникация факультеттерінің студенттері бар.
Форумда киноиндустрия және БАҚ саласындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері, сонымен бірге дезинформацияға, оның ішінде әлеуметтік желілерге қарсы бірлескен күрес талқыланады.