Атырау облысының тұрғыны пойыз жолсерігін соққыға жықты

Бұл туралы Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау станциясындағы полиция бөлімшесіне 51 жастағы жолсеріктен шағым түскен.

Ер адам қызметін орындау кезінде соққыға жығылғанын айтты. Мүкір станциясында белгісіз адам оған дауыс көтеріп, ескертуден кейін жұдырық жұмсаған, — делінген хабарламада.

Полиция 24 жастағы Атырау тұрғынын ұстады.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бабы 293-бөлімі (Бұзақылық) бойынша іс қозғалды.

Бұл бап бойынша ол 2 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу немесе 600 сағат түзеу жұмыстарын атқару немесе екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылады.

Жанжалдың шығу себебі айтылмаған.