Мемлекет басшысы Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Қазақстанның Бельгия корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы Марғұлан Баймұхан Қазақстанның Люксембург ұлы герцогтігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстанның Австрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров Қазақстанның Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды;

Қазақстанның Италия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ерболат Сембаев Қазақстанның Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да