Алматыға 150 жаңа автобус жеткізіледі

Сатып алынатын 12 метрлік «Голден драгон» маркалы газбен жүретін автобустардың сыйымдылығы үлкен, төмен еденді және арнайы қалалық жолаушылар тасымалы үшін жасалған. Заманауи стандарттарға толық жауап береді, кондиционерлермен әрі видеобақылау камераларымен жабдықталған. Сыйымдылығы — 150 адам, отыратын 30 орын бар, − делінген хабарламада.

Тасымалдаушы компания өкілдері атап өткендей, қазіргі кезде қалада 1932 автобус бар. Әлі бір мыңға жуық автобус жетпейді.

Қазір автобустарды айдайтын жүргізуші бар, егер жүргізуші жұмыстан кететін болса, орнына адам табу қиын, − деп нақтылады компаниядағылар.

Бұл мәселені шешу үшін басқарма мен тасымалдаушы компаниялар кешенді жұмыс жүргізіп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да