Павлодарда «Алаш» көшбасшыларының муралы пайда болды

Павлодар әкімдігі өкілдерінің айтуынша, муралдың авторы жас суретші Лаура Сейтқазинова.

Ол 29 жасқа толмаған талантты суретшілер арасындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тақырыбында «Стрит Art» үздік эскиз байқауында жеңімпаз атанған.

Павлодар педагогикалық университетінің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко Павлодар әкімдігінің өкілдеріне студенттер үйінің ғимаратын муралды бейнелейтін орын ретінде таңдағаны үшін алғыс айтты.

"Алаш" көшбасшылары. Мурал
Фото: Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі

«Алаш» сыйлығының иегері, ақын, қоғам қайраткері, Павлодардың құрметті азаматы Арман Қани Керекуде ашылған муралдың – өнер туындысы ғана емес, саяси идеологиялық мәні зор көрнекі құрал екенін атап өтті.