Білім министрлігі: «Кальмар ойыны» сериалы бала психикасына қауіпті

Фильм Қазақстанда түсірілмеген. Фильмде белгілі бір шектеулер бар, ол 18 жастан асқан ересектерге арналған. Сондықтан, ең алдымен ата-аналар осы фактіге назар аударуы қажет. Екіншіден, ата-аналар да, мектеп те тәрбиелік шаралар аясында балаларға пайдалы ақпаратты теріс ақпараттан ажырату дағдыларын үйретуі керек. Мектептерде де осы мәселеге назар аударған жөн. Әрине, балалар психикасы енді-енді қалыптасу кезеңінде. Сондықтан кез келген ақпаратты үйде ата-аналар, мектепте – педагогтар бақылауы қажет, – деп жауап берді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Шолпан Каринова биылдан бастап барлық білім беру ұйымында жаһандық құзыреттілік курсы енгізіліп жатқанын айтты.

Бұл курс балалардың сыни ойлауын, эмоционалды интеллектісін дамытады, ақпаратты ажырата білуге үйретеді, оны дұрыс таңдайды.

Вице-министрдің айтуынша, мектептер өздерінің тәрбиелік функциялары аясында сериалға қатысты шектеулерге назар аударуға тиіс.