Ақмола облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

Мәлеметтерге сүйенсек, Ақкөл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Красный Горняк ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар түсті.

Істен шыққан Toyota Camry автокөлігі тиелген «Газель» автокөлігі (жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғыны) алдында тұрған MAN автокөлігімен (жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласының 27 жастағы) соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Газель» автокөлігінің екі жолаушысы, яғни 34 және 29 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғындары оқиға орнында көз жұмды. Ал «Газель» автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Ақкөл ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Оқиға кезінде екі жүргізуші де сау болған, − деді ведомство өкілі.

Қазіргі уақытта осы іске қатысты Қылмыстық кодекстің 345-ші бабының 4-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.