Елімізде 20 қазаннан бастап карантин шаралары жеңілдетіледі

Эпидемиялық жағдайдың тұрақтануын, сонымен бірге ведомствоаралық комиссияның вакцинацияға жататын контингенттің 70%-дан астамын екпемен қамтығанын ескере отырып, 2021 жылғы 20 қазаннан бастап мынадай шараларға рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Келушілер COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын ұсынған кезде қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне баруға рұқсат беріледі, – деді ведомство басшысы Үкімет отырысында.

Сонымен бірге ол түнгі клубтардың қызметі тек «жасыл» мәртебесі бар адамдарға арналатынын ескертті.

Министр олардың толымдылығы 50%-ке дейін, бірақ «жасыл аймақта» 100 адамнан артық емес, «сары аймақта» 70 адамнан артық емес, «қызыл аймақта» 50 адамнан артық емес болуы шарт екенін атап өтті.

Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақыты «жасыл аймақта» сағат 03:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары – сағат 05:00-ге дейін, «сары аймақта» сағат 01:00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары – сағат 03:00-ге дейін ұзартылады, − деді министр.