Биыл Қазақстанда қандай көліктер көп сатылды?

Өткен айда қазақстандықтар автосалондарда 10 517 техника (жеңіл автокөлік, автобус, жүк көлігі, арнайы техника) сатып алды. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы қыркүйек айына қарағанда 12 процентке артық. Әлемдік автокөлік нарығындағы ұсыныс тапшылығы көлік бағасына, ал логистикалық проблемалар – өндірушілер мен дилерлердің міндеттемесін уақытылы орындалмауына әсер етіп отыр. Көлікті жеткізу мерзімі марка, модель және автокөліктің комплектациясына қатысты құбылып тұрады. Орташа алғанда, клиент пен автосалон арасында шартқа қол қойғаннан бастап, көлікті табыстағанға дейін 3-тен 6 айға дейін уақыт керек, − дейді Артур Мискарян Telegram каналында жазды.

Қыркүйек айындағы ТОП-5 бренд: Chevrolet – 2 338 көлік, Hyundai – 1 947, Toyota – 1 214, KIA – 855, сонымен бірге LADA-ның 823 көлігі сатылды.

LADA-ны қоспағанда, алғашқы бестіктегі брендтердің сатылымы негізінен тұрақты болып тұр. Өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда LADA көліктерінің сатылымы 61 процентке төмендеді, – деді ол.

Биылғы 9 айдағы ТОП-5 брендтің қатарына: Chevrolet, (22 383 көлік), Hyundai (17 576), Toyota (10 404), KIA (6 993), LADA (5 660 көлік) енді.

Ресми дилерлер жыл басынан бері жалпы 86,5 мың автомобиль өткізіп, осы арқылы нарық 36 процентке өсті. Қазіргі тапшылық пен баға өсіміне қарамастан, сұраныс тұрақты болып тұр, – деп атап өтті А.Мискарян.