Басты бетЖаңалықтарСәтбаевта педофилдер...

Сәтбаевта педофилдер жазаларын жеңілдетуді сұрады

Қарағанды облысының сотына Сәтбаевта бес жасар қыз баланы зорлау ісі бойынша сотталған ерлі-зайыптылардан үкімді жеңілдету туралы аппеляциялық шағымдар келіп түсті.

Сотталғандар аппеляцияға берді. Алайда сот жабық процесті қарау сатысында түсініктеме бере алмайды, − деп түсіндірді сот өкілі.

Еске салайық, бұл оқиға 23 шілдеде болды. Сәтбаев полициясына Жезқазған тұрғыны өзінің 5 жасар қызы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Сәтбаев Полиция бөлімшесінің барлық құрамы мен волонтерлер іздеу шараларының нәтижесінде 5 жасар бала көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен табылды.