Жалған вакцина паспортын жасатқан маңғыстаулық қайтыс болды

Вакциналаудың таза жүруін біз әуел бастан қолға алдық. Бүгінгі таңда екпе бекеттерінің бәрінде бақылау камералары орнатылған. Негізі Маңғыстау облысында анықталған дерек бойынша кезінде ақпарат берілген. Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес Ақтаудағы №1 емханада бұл факті тіркелген. Өкінішке қарай, ол іске дәрігерлермен мен медбикелердің қатысы бар болып шықты. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Одан басқа фактілер анықталған жоқ, − деген әкімдік өкілі Орталық коммуникациялар қызметі ұйымдастырған онлайн брифингіде.

Брифинг барысында ол вакциналаудан кейін коронавирус жұқтырып ауруханға түскендердің ішінде екпе құжатын қолдан жасаған адам кездескенін айтты.

Біз осы науқастар арасында әрбірін тексеріп, «екпені шынымен алды ма, әлде жалған паспорты жасатты ма» деген сауалға жауап іздедік. «Басқа өңірге барып келдім, сонда вакцина алған едім» деп, бірақ, өкінішке қарай, реанимацияға түсіп қайтыс болған азаматша болды. Әрине бұл жерде екі жақтың мәселесі бар. Өзіміз өзімізді алдағандай болдық. Вакцинадан қорыққаннан осылай болды, – деді Гүлмира Қалмұратова.