Белгілі болғандай, өтініш беруші өртеніп жатқан пәтерде балалар болғанын айтты. Шақыру орнына жедел келген өрт сөндірушілер дереу адамдарды құтқаруға кірісті.
Барлау жүргізген кезде 3 қабаттағы пәтердің асүйінде жалпы көлемі 6 шаршы метр жердің жанғаны анықталды. Қатты түтін салдарынан кіреберістегі пәтерлерден бірнеше тұрғын өздігінен шыға алмай қалған. Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарын қолдана отырып, кіреберістен 10 адамды, оның ішінде жанып жатқан пәтердің үстіндегі пәтерде болған 2 баланы алып шықты. Тепловизордың көмегімен барлық іргелес және жақын орналасқан пәтерлер тексерілді. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 21:05-те сөндірілді. болжам бойынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан, − деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері 20 рет шақыртуға, оның ішінде өрт сөндіруге 12 рет, авариялық-құтқару және іздеу жұмыстарына 8 рет шыққан.
Жалпы есептегенде 17 адам құтқарылды. 5 өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болғаны анықталды. Бұл ретте пештер мен түтін мұржаларын орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы оттың тұтануына себеп болған.
