Басты бетЖаңалықтарКаспий теңізін қорғау туралы заң қабылданды

Каспий теңізін қорғау туралы заң қабылданды

Құжат Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігін, экожүйесін сақтау және биологиялық ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз етуге жол ашпақ. Осы орайда Каспий маңы мемлекеттерімен мынадай шараларды қабылдау қарастырылған.

Біріншіден, қорғалатын түрлер мен олардың мекендеу орындарына теріс әсерін тигізетін қызметті реттеу;

Екіншіден, флора мен фаунаны қорғау мақсатында балық аулауды шектеп, қажет болса, оған тыйым салынбақ.

Каспий теңізіндегі биологиялық әртүрлілікті сақтау еліміз үшін стратегиялық мақсат. Бүгін қабылданған заңның маңызы зор. Осы құжат 5 мемлекеттің ынтымақтастығын күшейтіп, эко жүйені сақтауға өз үлесін қосуға сеп деп сенеміз, – деді парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да