Басты бетБастыHuawei компаниясы...

Huawei компаниясы Қазақстан студенттеріне арналған «Seeds for the Future 2021» бағдарламасын іске қосты

Бағдарламаға Қазақстанның барлық жоғары оқу орнының техникалық мамандықтарында (STEM) оқитын жоғары курс студенттері шақырылады. Өтінімдер 20 қазанға дейін қабылданады, одан кейін академиялық көрсеткіштері мен білімге құштарлығы жоғары үміткерлер іріктеледі.

Өтінім беруге қажет құжаттар тізімі
  • Резюме
  • Үміткердің оқу үлгерімін растайтын транскрипт немесе тиісті құжаттар
  • 3 минуттық жеке видео және/немесе АКТ негіздері туралы білімді, Қытайға қызығушылығы мен оқуға ынтасын көрсететін 400-600 сөздік мотивациялық хат
  • Қажет болған жағдайда қосымша материалдар.
Үміткерлерге қойылатын талаптар
  • Оқу үлгерімі өте жақсы, АКТ индустриясы мен Қытайға қызығушылығы, білім алуға ынтасы жоғары үздік ЖОО студенттері/аспиранттары
  • GPA 3.0 немесе одан жоғары, болмаса факультеттегі ең жоғары 30% рейтингі
  • Ағылшын тілінің жоғары деңгейі

Қатысуға өтінім мен барлық құжат [email protected] электрон поштасына жіберу керек (файлдары бар мұрағатталған бума (папка) немесе бұлтты сақтауға сілтеме).

Іріктеудің бірінші кезеңінен өткен студенттер Huawei компаниясы өкілдерімен сұхбатқа шақырылады. Сұхбат нәтижесінде үздік студенттер 2021 жылғы қарашада басталатын бағдарламаға қатысады. Жоба ағылшын тілінде жүргізіледі.

«Seeds for the Future» бағдарламасын Қазақстандағы 14 ЖОО-дағы Huawei АКТ академиялары қолдайды:

  1. Қазақ-Британ техникалық университеті
  2. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
  3. Алматы энергетика және байланыс университеті
  4. Astana IT University
  5. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  6. Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
  7. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
  8. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  9. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
  10. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  11. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
  12. Ахмет Яссауи университеті
  13. Алматы технологиялық университеті
  14. Қ.И.Сәтбаев атындағы университет

Жаһандық бағдарлама туралы ақпаратты мына жерден білуге болады.

Қазақстанда АКТ мамандарына теория мен практика арасындағы олқылықтың орнын толтыруға және қажет дағдыларды алуға көмектесуге арналған «Seeds for the Future» бағдарламасы 2018 жылдан бері жүзеге асып келеді. Жоба алғаш рет 2008 жылы Таиландта іске қосылды.

«2020 жылы біз барлық академиялық мамандық студенттері қатыса алатын бағдарламаның онлайн нұсқасын алғаш рет іске қостық. Қазақстандағы студенттерден 200-ден астам өтінім түсті, оның 30-ы жобаға қатысты. 2020 жылдың соңына қарай әлемнің 130 елі мен аймағынан келген 8 774 студент бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдаланды», — деді Huawei Technologies Kazakhstan бас директоры Чжан Цинго.

«Seeds for the Future» бағдарламасы жергілікті таланттарды шабыттандыруға, білім алмасуды жақсартуға, АКТ секторында жақсы түсіністік пен қызығушылықты арттыруға және цифрлық қоғамдастыққа қатысуды ынталандыруға бағытталған. Ол әртүрлі аймақтағы елдерді цифрлық қоғамдастықтар құруға қатысуға шақырады.