Биыл ипотека алған қазақстандықтар саны екі есе көбейді

Бұл туралы Бірінші кредит бюросы хабарлады.

2021 жылы ипотекалық несие беру екі есеге артты. 8 ай ішінде Қазақстанда жалпы сомасы 1,2 триллион теңгеге жуық 97,2 мыңнан астам келісімшарт ресімделді. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда едәуір көп. Берілген кредиттер саны 62%, ал олардың көлемі 2 еседен астам өсті. Қазақстандықтар көбінесе бір ипотеканы өтей салып, екіншісін алады. Биыл 4,1 мыңнан астам адам осындай ипотека рәсімдеген, — делінген бюро хабарламасында.

Сарапшылар 2021 жылдың 8 айындағы қорытынды бойынша сатып алу-сату мәмілелерінің саны 370 мыңнан асқанын айтады. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе көп.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндігі пайда болғаны серпін бергені анық. 7 ай ішінде Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін алушылардың шоттарына 1,76 триллион теңге аударылды. Бұл соманың шамамен 70%-і тұрғын үй сатып алу кезінде толық есептеуге бағытталған. 10%-тен астамы ипотекалық қарыз алу үшін пайдаланылған, — делінген талдау орталығының хабарламасында.

Бірінші кредит бюросының талдауы бойынша, кейінгі 12 айда мерзімі өткен ипотекалық несиенің көлемі 310,5 миллиард теңгеден 216,5 миллиард теңгеге дейін азайған.