Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, «Jurabek Laboratories» ЖШС шығарылатын «Спутник V» вакцинасының 1 және 2 компоненттерінің алғашқы 260 500 дозасы санитарлық-эпидемиялық қадағалау мен қоғамдық денсаулық сақтау қызметіне тапсырылды.
Бұл Өзбекстанда өндірісі жолға қойылған екінші вакцина. Бұған дейін осы компания қытай-өзбек ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының жалпы 7 миллион дозасын шығарды, оның 1 458 820 дозасы екпе науқанына жеткізілген. Осылайша, Өзбекстанда екпе процесінде қолданылатын вакцина 28 473 528 дозаны құрап отыр.
Олардың:
- 460 мың доза «Спутник V»,
- 986 480 мың доза AstraZeneca,
- 13,5 миллион доза – ZF-UZ-VAC2001,
- 3 миллион 60 доза – Moderna,
- 1,2 миллион доза Pfizer/BioNTech вакцинасы.
