«Көк» статусы бар азаматтар демалыс күндері қоғамдық орындарға бара алады

«Көк» статусы бар азаматтар демалыс күндері қоғамдық орындарға бара алады. Бірақ бұл үшін олар өздерімен бірге учаскелік дәрігердің медициналық анықтамасы бар екендігі және коронавирусқа қарсы вакцинациялауға болмайтындығы туралы анықтамаға ие болуы керек. Осы анықтаманы ұсынған кезде «көк» мәртебесі бар адам демалыс күндері қандай да бір объектіге баруға толық құқылы, – деп түсіндірді ол ОКҚ брифингінде.

Сархат Бейсенова болашақта анықтаманы алып жүру қажеттілігі жоғалатынын айтты.

Бүгінгі таңда Министрлік қосымшаға интеграциялану жүргізіп жатыр. Барлық техникалық жұмыстардан кейін «көк» статусы бар қазақстандық медициналық анықтама болған жағдайда «жасыл» статусқа ие болады, – деп түйіндеді спикер.