Көкпар — жауынгерлік өнер

Қазақ халқының ұлттық ойындарын қай жағынан алып қарасақта спорттың нағыз түрлері. Осы ұлттық ойындар жастардың дене бітімі мен денсаулығы үшін өте пайдалы жағын ескере отырып, жас өспірім қазақ балалары мен жастарына үлкен дене тәрбиесінің баспалдағы ретінде қолданады. Қазіргі уақытта жастардың көпшілігінің бойында төзімділік, ептілік, батылдық сезімдерінің әлсіз болып бара жатқанын көз көріп, құлақ есітіп жүр. Сондықтан осының алдын алуға тікелей септігін тигізетін ұлттық ойын түрі көкпар десекте болады. Сонымен қатар біздің ендігі мақсатымыз осы ұлттық ойынды әлемдік деңгейге көтеру. Ол үшін көкпар ойынынын әлемдік деңгейде көрсетілетін арналарға ұсына отырып, сол арнадан әлем назары ауатындай деңгейдегі көкпар ойынын экран арқылы ат пен көкпаршының шеберлігін көрсету керек.

Ауылдың кез-келген қара баласынан сары шалына дейін «Көкпар» десе ішіп отырған асын тастап кетуге дайын. Бізді де еліктіріп ала жөнелген осы бабадан қалған текті өнер болды. Әсіресе, биыл ғана 11 сыныпты тәмәмдаған бала Наурызбайдың шымыр тұлғасымен ілесе бізде көкпар додасына келіп жеттік.

Көкпар

Құлағын қайшылаған қазан аттар қиқу шықса ауыздығын үзуге дайын тұр. Жігіттер де ақалақшының той бастауын күтуде…

Көкпар

Басталып кетті. 35 салым. Әр салым ақшалай (5 мың тг). Тіпті, қорасында байлаған серкесінде осы жолға арнаған азаматтарда жетерлік. Міне, Оңтүстіктегі ауыл халқының жомарттығы, мейманқостығы деп осыны айтса керек.

Ат құлатпай, азаматты мертіктірмей көкпарға шапқан бура сан, бұқа мойын жігіттер өз бәйгесін алып жатты. Қызығып тұрмыз. Топ ортаға еніп, осы қайталанбас сәттерді сіздерге ұсынуды жөн санадық.

Ендеше суреттер сөйлеп көрсін…

Көкпар

Көкпар

Көкпар

Көкпар

Көкпар

9

10

11

12

14

13

15

16

көкпаршы

Авторы: Мақсат Шағырбаев