Қостанайда бір апта бойы ыстық су мен жылу болмайды

Бұл туралы Қостанай жылу энергетикалық компаниясы хабарлады.

Құрметті қала тұрғындары, Қостанай қалалық әкімдігінің «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МҚК «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай бөлімшесінің 07.10.2021 жылғы хатына сәйкес, «Қарталы-Рудный» магистральді газ өткізу құбырында 2021 жылдың 12-17 қазаны аралығында жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында газ толықтай өшіріледі. Газдың болмауына байланысты барлық жылу көздері де тоқтайды. Ыстық су мен жылу газ қазандықтары қайта жұмыс істегеннен кейін беріледі, — делінген хабарламада.

Басқа өзгерістер қосымша хабарланады.