Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.
2021 жылғы 8 қазанда №603 «Арқалық — Нұр-Сұлтан» бағытындағы жолаушылар пойызы Арқалық станциясынан жөнелтілгеннен кейін ер адам пойыз бригадасының қызметкерлеріне зайыбының толғағы келіп қалғанын хабарлаған.
Төрехан Әбдірайымов бастаған пойыз бригадасы қызметтік нұсқаулыққа сәйкес әрекетке көшіп, келесі станцияға жедел жәрдем шақырылды. Темір жолда 8 жылдан астам уақыт жұмыс істейтін, оның ішінде 3 жылдан бері пойыз бастығы Төрехан Әбдірайымов мұндай жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келіп отыр екен.
Дәрігерлер келгенге дейін теміржолшылар әйелді босануға дайындай бастады. Жолсеріктер Ирина Андреева мен Жаңыл Баталова жолаушылар арасынан табылған дәрігерлер Светлана Аяпова (зейнеттегі акушер-гинеколог) және Гаухар Қойшығұлованың (емдеу ұйымының басшысы) нұсқауымен әрекет жасады. Жүкті әйелді аман-есен босандыру үшін вагонда барлық қажетті жағдай жасалды және біраз уақыттан кейін қыз бала дүниеге келді, — делінген хабарламада.
Пойыз Державинск бекетіне жеткеннен кейін жас ана Нұрайлым Құрманалы мен оның шақалағын жолсеріктер жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Нұрайлымды нәрестелі болуымен құттықтады.