Бұл туралы Хабар агенттігінің YouTube арнасындағы тікелей эфирде белгілі болды, — деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы екпе алып, ұтысқа қатысқандар арасында 75 300 нөмірлі Ысқақова Әсемгүл Еркінбекқызы астанадағы басты сыйлық – 2 бөлмелі пәтерге ие болды, — делінген хабарламада.
Ұтысқа 25 маусым мен 28 қыркүйек (қоса есептегенде) аралығында Нұр-Сұлтанда вакцинаның бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатысты.
Астана әкімдігі бұдан бөлек, апта сайын вакцина салдырғандар арасында iPhone12 және басқа да құнды сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізіп келді.
Нәтижесінде 19 iPhone телефоны, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, «Алиса» ақылды колонкасы, ауа ылғалдандырғыш үлестірілді.
Сонымен бірге вакцина салдырғандар арасында бағалы заттарды сауда және ойын-сауық орталығы, сауда үйлері де өткізді.
Мысалы, MEGA Silk Way сауда және ойын-сауық орталығының вакциналау пунктінде 23 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар арасында автокөлік ойнатылды.
