Заң бұзып, шетелдік жұмыс күшін тартқан 171 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Шетелдік азаматтарды уақытында тіркеу шараларын қабылдамағаны үшін 710 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке алынды. Шетелдіктерді қабылдаушы тараптар үш жұмыс күні ішінде көші-қон қызметіне шетелдіктің келуі туралы хабарлауға міндетті, − деді көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамет.
Құқық бұзушылық анықталған жағдайда, қабылдаушы тарап ҚР ӘҚБтК-нің 518-ші бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
