Батырхан Шүкенов атындағы стипендияның иегерлері анықталды

Болат Өтемұратов қоры төртінші жыл қатарынан Батырхан Шүкенов атындағы қордың жобаларын қаржыландыру арқылы музыкалық жоғары оқу орындары мен мектептердің дарынды оқушыларына арналған атаулы стипендия ұсынып келеді.

Биыл 250 000 теңгені құрайтын атаулы шәкіртақының иегері Жасұлан Төрегелді болды. Павлодар облысы білім басқармасының дерегінше, ол «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің оқушысы.

Стипендиаттарды іріктеу екі турда өткізілді. Іріктеу комиссиясының құрамына Батырхан Шүкенов атындағы қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы – оның туған ағасы Бауыржан Шүкенов, кларнетист Дамир Бүркітбаев және Санжар Байтереков кірді.

Сарапшылар 4 қаладан келіп түскен 39 өтінімді қарады, олардың 13-і екінші кезеңге өтті. Барлық қатысушылар өздері таңдаған музыкалық туындылардың бейнежазбаларын ұсынды, сонымен бірге қазылар алқасының мүшелерімен әңгімелесуден өтті. Осылайша, қазылар алқасы олардың орындаушылық шеберлігін, әртістігі мен уәждемесін толық көлемде бағалай алды. Мамандандырылған музыка мектептерінің оқушылары арасынан үш үміткер ғана өтті, – дейді басқарма өкілі.