Алексей Цой: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар азайды

Қыркүйектің басымен салыстырғанда сырқаттанушылықтың күнделікті деңгейі 2,4 есе төмендеді. Бір ай ішінде таралу индексі – бірден төмен. Инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы 39 проценттен 33 процентке дейін, реанимациялық төсек-орындардың қамтылуы 40 проценттен 31 процентке дейін төмендеді, − деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Денсаулық сақтау министрі ауыр науқастар санының төмендеуі де байқалатынын айтты.