Ақсай тұрғыны әріптесін ұрып өлтірді

Департамент дерегінше, ауыр дене жарақаттары салдарынан 47 жастағы ер адам қайтыс болды.

Пәтерде уақытша бірге тұрып жатқан екі ер адам бір-бірімен сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. 49 жастағы ер адам әріптесін соққыға жыққан. Алайда ер адам Бөрлі аудандық орталық ауруханасына жеткізілгенімен, жансақтау бөлімшесінде есін жия алмастан қайтыс болып кетті. Күдікті мен жәбірленуші бірге жұмыс істеген, – делінген хабарламада.

Қылмыс орын алған пәтерді бірге жалға алған. Оқиғаға қатысты ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.